Амир Абдуллахиан: Газада геноцид тоқтатылса, Қызыл теңізде қауіпсіздік қайта орнайды
Иран Сыртқы істер министрі: «Егер тез арада Газада геноцид тоқтатылса, Қызыл теңізге қауіпсіздік қайта оралады»,-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Нью-Йоркке сапары аясында ABC NEWS арнасына берген сұхбатында: «Йемендіктердің айтуынша, олар кеме қатынасының қауіпсіздігін сақтайды. Бірақ Газаның бейбіт тұрғындарына қолдау ретінде Қызыл теңізде Израильдің айлақтарына бет алған кемелерді тоқтатады»,-деді.
Амир Абдуллахиан: «Йемендіктердің бізге айтуы бойынша, егер тез арада Газада геноцид тоқтатылса, Қызыл теңізге қауіпсіздік қайта оралады»,-деді.
Ол сондай-ақ америкалықтардың Иранды Йеменге әскери құрал-жабдықтар жіберіп жатыр деп айыптағанына тоқталып: «Иран йемендіктерге ешқандай қару берген жоқ. Олар өз әлеуеттерін пайдаланып жатыр»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрінің айтуынша, йемендіктерде Әли Абдулла Салихтың заманынан қалған қару-жарақтар көп, оларда тіпті баллистикалық ракеталар бар.
Амир Абдуллахиан: «АҚШ-та Иранның Йеменді қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғаны туралы ақпарат болса, бізге дәйекті айғақ келтіруі тиіс»,-деді.