Қаң 27, 2024 16:41 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы: Гаагадағы Дүниежүзілік соттың шешімдері міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Газадағы соғысқа байланысты сионистік режимнің Гаага сотының бұйрықтарын орындау қажеттігін қуаттады.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Газадағы соғысқа байланысты сионистік режимнің Гаага сотының бұйрықтарын орындау қажеттігін қуаттады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық соттың Газаға қатысты уақытша үкімдерін шығарудан кейін бұл шешімдердің орындалуын заңды және міндетті деп жариялады.

«Анадолы» баяндамасына сәйкес, Гутерриштің баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик осыған байланысты мәлімдемесінде:  «Бас хатшы Халықаралық соттың жарғысы мен статутына сәйкес, бұл соттың үкімдері міндетті екенін және барлық  тараптар соттың бұйрығын дұрыс орындауды қуаттады",- деді.

Аталған мәлімдеме Халықаралық сот сионистік режимге Газадағы қантөгістердің одан әрі төгілуіне жол бермеу үшін және Геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы конвенцияның міндеттемелеріне сәйкес қолындағы барлық мүмкіндіктерді пайдалануға бұйырғаннан кейін жарияланды. Шыққан үкімде сот барлық тұтқындарды дереу босатуды талап етті

 

Тегтер