Палестиналықтар БҰҰ-нан 194-ші қарарды орындауды талап етті
(last modified Mon, 16 May 2016 10:05:01 GMT )
Maм 16, 2016 16:05 Asia/Almaty
  • Палестиналықтар БҰҰ-нан 194-ші қарарды орындауды талап етті

15-ші мамыр - Палестина жерлерінде заңсыз сионистік режимнің құрылған күнінің жылдығы.

Осыдан 68 жыл бұрын Израиль режимі Палестина жерінде өзінің құрылғаны туралы жариялап, жүздеген мың палестиналық өз жерлерінен қуылып, үйсіз қалды.

Палестинаның ұлттық кеңесі Палестинаның жаулап алынған «Некбат» (тауқімет, бақытсыздық) күнінің 67-ші жылдығына қатысты жолдауында Палестинаның азаттыққа жету мақсаты мен палестиналық босқындардың отанына оралу құқықтарын қуаттап, БҰҰ-нан палестиналықтардың отанына орлау құқықтарына қатысты 194-ші қарарды іске асыруды талап етті.

БҰҰ Бас ассамблеясының осыдан 68 жыл бұрынғы, яғни 1948-ші жылдың 11 желтоқсанындағы 194-ші қарарда босқындардың оралу және палестиналықтардың тағдырын анықтау құқықтары қуатталып, сионистік режимнен бұл келісімді бұзбау талап етілген. Палестинаның жаулап алынуынан 68 жыл өтуде. Палестиналық босқындар әлемнің әртүрлі елдерінде осы күнге дейін отандарына оралатын сәтті күтуде. Палестиналықтар жылдар бойы отандарының басып алу жылдығында сионистік-лаңкестік топтардың жүздеген мың палестиналықтарды қырып-жойғандарын еске түсіріп, 1967-ші және 1948-ші жылдардағы басқыншылыққа наразылық білдіріп, палестиналық босқындардың өз жерлеріне оралу құқықтарын қуаттап, олардың жақындарына тілеулестік білдіреді.

Осы кезде босқындардың лагерлері мен басқа елдерде өмір сүріп жатқан палестиналық босқындардың саны 3 миллионға жетті.

Палестиналық босқындар жылдар бойы отандарына оралуды армандап күн санаумен өткізуде жән көбісі өткен 68 жылда оралу армандарымен дүниеден озды. Сионистік режим басып алынған жерлерді Израильге қосып алу жобасын бекітіп, басынан бастап, палестиналық босқындардың отандарына оралуға тыйым салды. Бірақ БҰҰ Бас ассамблеясы 1948-ші жылы 194-ші қарарды бекітіп, палестиналық босқындардың отандарына оралуын заңды құқық ретінде қуаттап, бұл шешімді халықаралық құжат ретінде бекітті.

Палестиналық босқындардың ісі екі кезеңді қарастырып, 1948-ші жылғы Палестина жерлерін басып алу және 1967-ші жылдағы маусым соғысына оралады. Жылдар бойы сионистер соғыс, лаңкестік, қирату, қырып-жоюмен палестиналықтарды үйлері мен туған жерлерін тастап кетуге мәжбүрлеп, олардың үйлері мен мүлкін тартып алып, қайтып оралуына тыйым салды. Палестиналық босқындар шекаралас елдерге, атап айтқанда Ирак, Кувейт, Ливия, Алжир, Иордания, Ливан елдерінде, сондай-ақ 1967-ші жылы басып алынған Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында және шығыс Құдста өмір сүреді.

Бұл лагерлердің көбі осы кезде де бар. Ол жерлердегі палестиналықтар туған жерлеріне оралатындықтарына үмітті. Әлемдегі ең көп санды босқындар – палестиналықтар. БҰҰ көмек көрсететін UNRWA ұйымы 2020-шы жылдың соңына дейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі босқындар саны 7 миллион 200 мыңға жетеді деген болжам жасады.