Қаң 28, 2024 14:33 Asia/Almaty
  • Канани Серавандағы қарулы әрекетті айыптады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Сераван қаласының маңында болған қарулы әрекетті айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сенбі күні Сераван қаласының маңында болған қарулы әрекетті айыптап, Пәкістан үкіметі мен құрбандардың жанұяларына көңіл айтты. Бастапқы тексеріс бойынша, осы шабуылда Пәкістанның 9 азаматы қаза тауып, 3 адам жараланды.  

Канани осыған қатысты тексеріс жұмыстарының жалғасып жатқанын айтып: "Иран мен Пәкістан дұшпандарға екі елдің бауырластық қатынасына сызат түсіруге жол бермейді",-деді.   

Тегтер