Қаң 28, 2024 15:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Катар Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман әл-Сани телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты тақырыптарды қозғап, Газа мен аймақ мәселелері туралы пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катар Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман әл-Сани екі елдің қарым-қатынасына оң баға беріп, Иранның Катардағы активтерін пайдалану тәсілі туралы: "Доха мен Вашингтон өзара келісімге берік. Катар мен Иранның Орталық банкі арасындағы келісімге сәйкес, жаңа механизмді іске қосу шаралары жүргізілуде",-деді.

Тараптар сондай-ақ Палестинадағы соңғы өзгерістерді талқылады.

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері қазір барлық сарапшылардың соғысты тоқтатып, дағдарысты саяси жолмен шешуді ұсынып отырғанын айтты.

Тегтер