Қаң 29, 2024 14:50 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан ирандық делегацияны бастап Исламабадқа аттанды

Иран Сыртқы істер министрі пәкістандық әріптесінің шақыруын қабылдап, осы елдің басшыларымен кездесіп, сөйлесу мақсатында ирандық делегацияны бастап Исламабадқа аттанды.

Бұл сапар Иран мен Пәкістан қарым-қатынасында кейінгі кезде орын алған өзгерістерден кейін, Пәкістан территориясында "Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобының штаб-пәтеріне шабуыл жасалып, артынша Пәкістан Иранның шекаралық ауданына шабуыл жасағанынан кейін жүзеге асырылғалы отыр. Осы өзгерістен кейін Иран мен Пәкістан Сыртқы істер министрліктері дүйсенбі, 22 қаңтарда ортақ мәлімдеме жасап, елшілердің 26 қаңтарда өз жұмыс орындарына қайтатынын айтты. Жұма күні екі ел елшілері қайта жұмыстарына кірісті.  

 

Тегтер