Амир Абдуллахиан: Пәкістанмен қарым-қатынасты дамытып, нығайту – біздің басты басымдығымыз
(last modified Mon, 29 Jan 2024 09:44:03 GMT )
Қаң 29, 2024 15:44 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Пәкістанмен қарым-қатынасты дамытып, нығайту – біздің басты басымдығымыз

Иран Сыртқы істер министрі Исламабадта өзінің пәкістандық әріптесімен кездесуінде Пәкістанмен қарым-қатынасыты дамытып, нығайтуды Иранның басты басымдығы деп атап: "Дұшпандар Иран мен Пәкістанды бір-бірінен айыра алмайды. Біз әріптестікті одан ары арттыру жолында әрекет етеміз",-деді.

Амир Абдуллахиан бүгін, дүйсенбі Пәкістанның Сыртқы істер министрлігінде өз әріптесі Джалил Аббас Джиланимен кездесіп, сұхбаттасты.

Пәкістан Сыртқы істер министрі Джалил Аббас Джилани осы кездесуде Амир Абдуллахиан бастаған делегацияны қарсы алып: "Бұл кездесу екі елдің өзара қарым-қатынасты нығайту үшін алған міндеттемелерін орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр",-деді.

Амир Абдуллахиан Джалил Аббас Джиланидың ыстық ықыласына алғыс айтып: "Ирандағы он үшінші үкіметтің тату көршілестік саясатын жүргізіп отырғанын тағы бір мәрте баса айту үшін бүгін Исламабадтамыз",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Дұшпандар мен лаңкестер Иран мен Пәкістан қарым-қатынасының жақсы болуын қаламайды. Бірақ мұндай жауластықтар екі елді бір-бірінен айыра алмайды. Біз әріптестікті одан ары арттыру жолында әрекет етеміз",-деді.