Ақп 01, 2024 20:57 Asia/Almaty
  • Канани Сауд Арабиясы мен Кувейттің

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Сауд Арабиясы мен Кувейттің мәлімдемесіне реакциясында: "ИИР-дың сенімінше, "Ораш" кен орны туралы өзара құрмет, конструктивті әріптестік аясында және екі елдің мүдделерін ескере отырып бір шешімге келуге болады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сәрсенбі күні кешке Кувейт әмірінің Эр-Риядқа сапарынан кейін Сауд Арабиясы мен Кувейт жасаған ортақ мәлімдеме туралы: "Осыған дейін бірнеше рет айтылғандай, ИИР Кувейтпен бұрынғы келіссөздердің нәтижелері аясында "Ораш" ортақ кен орнынан көмірсутек көздерін пайдалануға және теңіз шекарасын белгілеуге қатысты екіжақты келіссөздерді жалғастыруға дайын. Былтыр қыста өткен келіссөздердің соңғы кезеңінде осы мәселе баса айтылған болатын",-деді.

Ол ИИР-дың көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтып, тату көршілестік саясатын жүргізіп отырғанына тоқталып: "ИИР-дің сенімінше, осы іске қатысты келісімді өзара құрмет, конструктивті әріптестік аясында және екі елдің мүдделерін ескере отырып жасауға болады",-деді.    

Тегтер