Ақп 01, 2024 21:40 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иранның қоқан-лоқыларға жауабы жедел әрі кесімді болады

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ сес көрсетіп, өз кінәсін өзгеге жаба сөйлегенді доғарсын. Өйткені Иранның қоқан-лоқыларға жауабы жедел әрі кесімді болады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Иран үкіметінің аймақтағы соңғы өзгерістерге қатысты жиналысында жасаған баяндамасында: "ИИР әрдайым дипломатия жолын ұстануды баса айтып келеді. АҚШ-тың сионистік режимді қолдауы аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік пен кеме қатынасының қауіпсіздігіне зиян тигізіп отыр",-деді.

Ол: "Газада геноцидті тоқтату және "палестиналық палестиналықпен" шешім жолына баса назар аудару – қазіргі дағдарыс пен текетірестен шығудың жолы",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ қарсыласу қозғалысын басқыншыларға қарсы шынайы күш деп атап, АҚШ-тан сес көрсетуді тоқтатып, мәселені саяси жолмен шешуге назар аударуды сұрады.  

Тегтер