Ақп 01, 2024 22:18 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар салды

АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні Иранға қарсы жаңа санкциялар салынғанын хабарлады.

Al-Alam арнасының хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі: "Ливан мен Түркиядағы үш қаржы институты мен бір жеке тұлға Сақшылар корпусының "Құдс" күштері мен Хизбулла тобы пайдаланатын қаржы желісі үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетті деген айыппен АҚШ-тың санкциялар тізіміне тіркелді",-деді.

АҚШ Қаржы министрлігінің айтуынша, осындай белсенділіктердің алдын алу үшін Түркияда орналасып, Иранның тауарларын әлемдік нарыққа сату және тасымалдаумен айналысқан "Мира Иракат Эттелаат" мұнай компаниясы және оның директоры Ибрахим Талал әл-Авирге санкция салынды.

Ливанда орналасқан бұрғылау құралдарын жалға берумен айналысатын "Яра Офшор Асаял" және "Хидро" компаниялары  АҚШ-тың санкциясына ұшырады.

Осы санкциялар аясында аталмыш компаниялар мен жеке тұлғаның АҚШ-тағы активтері бұғатталды.  

Тегтер