Ақп 03, 2024 20:03 Asia/Almaty
  • ШЫҰ-ның отырысында Иранның цифрлық ұсыныстары құпталды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше  елдердің байланыс және ақпараттық технологиялар министрлерінің отырысы Алматыда Иранның қатысуымен өтті.


 

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Иса Зарепур кездесуге қатысқаннан кейін Алматыда Иран баспасөзінің тілшісіне берген сұхбатында: «Бұл кездесуде Иранның коммуникациялық инфрақұрылым мен цифрлық қызметтерді дамытудағы жетістіктері талқыланып, бірлескен ынтымақтастық туралы ұсыныстар айтылды",- деді. Зарепур: "Шанхай ынтымақтастық ұйымының байланыс және цифрлық сектордағы жақсы мүмкіндіктерін ескере отырып, Иранның ортақ коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту, ортақ платформалар салу және бірлескен ғарыштық ынтымақтастықты қамтитын ұсыныстарын мүше елдердің байланыс және ақпараттық технологиялар министрлері құптады",- деп айтты.

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі: "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше төрт-бес елдің ғарыш саласының инфрақұрылымы бар екенін ескерсек, бірлескен ғарыштық ынтымақтастық екі есе маңызды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халқына байланыс және ақпараттық технологиялар қызметтерін көрсетудің жаңа мүмкіндіктерін жасау мақсатында Алматы отырысында айтылған ұсыныстарды қарау үшін жұмыс топтары тағайындалды",- деп сөзін жалғастырды.

 

 

Тегтер