Канани: Аймақтағы дағдарыстың қазіргі себебі – Палестинада зұлым соғыстың жалғасуы
(last modified Mon, 05 Feb 2024 12:40:49 GMT )
Ақп 05, 2024 18:40 Asia/Almaty
  • Канани: Аймақтағы дағдарыстың қазіргі себебі – Палестинада зұлым соғыстың жалғасуы

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы аймақта текетірестердің күшейгені туралы: "Аймақтағы дағдарыстың қазіргі себебі – АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Израильдің зұлым соғысты жалғастыруы",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің сұрағына жауабында: "Израильдің Палестина азаматтарына қарсы үздіксіз соғыс жүргізіп жатқанына 122 күн болды. Дағдарыс ошағы Палестинада. Түбегейлі шешім жолы – геноцидті тоқтату",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ үкіметінің әрекетіне тоқталып: "АҚШ үкіметі сионистік режимге кедергісіз геноцид жасауға рұқсат беріп отыр",-деді.  

Канани: "Аймақ елдері, соның ішінде Ирак, Сирия мен Йеменге шабуыл жасау  олардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын ашық түрде бұзу және дағдарыстың қазіргі ошағын аймақтың басқа жерлеріне таратуға тырысу болып саналады. Ал дағдарыс ошағы әлі де Палестинада. Шешім жолы – геноцидті тоқтату",-деді.

Канани: "АҚШ пен Ұлыбританияның аймақтағы әрекеттері, соның ішінде Ирак, Сирия мен Йеменге әскери шабуылы және Израильдің Газа секторында соғысты жалғастыруы олардың соғыстың ауқымын кеңейтуді қаламайтыны туралы уәждеріне қайшы келеді. АҚШ не сергелдеңге түсті, не оның сөзі мен ісінде қарама-қайшылық бар",-деді.

Тегтер