Ақп 15, 2024 18:06 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қатысы бар 3 адам мен 4 компанияға қарсы жаңа санкция салды

АҚШ үкіметі ИИР-ға қарсы жауластық саясатының жалғасында күрделі америкалық технологияларды Иранға тасымалдады деген айыппен 3 адам мен 4 компанияға санкция салды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап: "Иранның Орталық банкі пайдалану үшін күрделі америкалық технологияларды тасымалдауға қатысы бар деген 3 адам мен 4 компанияға санкция салынды",-деді.

АҚШ Қаржы министрлігі: "Иранның Орталық банкіне қарасты ISC информатикалық қызметтер компаниясы, БАӘ-дегі ABS мен LLC   компаниялары, Түркиядағы Ted  компаниясына қарсы санкция салынды",-деді.  

АҚШ Қаржы министрлігі ISC информатикалық қызметтер компаниясының директоры сейіт Абуталеб, осы компанияның қызметкері Пурия Мирдамади және LLC компаниясының директоры Мұхаммедреза Хадемиді санкциялар тізіміне енгізді.

АҚШ Президенті Джо Байденнің демократ үкіметі текетіресті азайтып, дипломатиялық жолды ұстану туралы ұранына қарамастан, бұрынғыдай Дональд Трамптың республикашыл үкіметінің барынша қысым саясатын жалғастырып, түрлі сылтаулармен, соның ішінде адам құқығын қорғау, Украина мен Израиль соғыстарын сылтауратып, Батыс елдерімен жақтаса келіп, Иранға қарсы санкциялар салып жатыр.   

Тегтер