Зариф Сирияға қатысты отырысқа қатысу үшін Венаға аттанады
https://itolqyn.com/news/world-i7591-Зариф_Сирияға_қатысты_отырысқа_қатысу_үшін_Венаға_аттанады
Иран Сыртқы істер министрі "Сирияны қолдаушылар" деп аталатын топтың отырысына қатысу үшін бүгін дүйсенбі күні кешке Венаға аттанады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 17, 2016 08:53 Asia/Almaty
  • Зариф Сирияға қатысты отырысқа қатысу үшін Венаға аттанады

Иран Сыртқы істер министрі "Сирияны қолдаушылар" деп аталатын топтың отырысына қатысу үшін бүгін дүйсенбі күні кешке Венаға аттанады.

"Сирияны қолдаушылар" деп аталатын топтың отырысы ертең 17- ші мамыр сейсенбі күні Австрияның астанасы Венада өтеді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, СІМ- нің араб және африкалық елдері ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян мен министрліктің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари осы сапарда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен бірге болады.

АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бірлесіп байланыс тобының отырысын басқарады.

"Сирияны қолдаушылар" деп аталатын топ 20 ел, соның ішінде Ираннан құралған. Бұл топ Сирия дағдарысы үшін дипломатиялық шешім жолын табу мақсатында қалыптасты.

Топ Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауымен жол картасын бастады. Соған сәйкес ымыра орнатылған соң үкімет және оның қарсыластарының келіссөзі басталып, жаңа Конституция құрастырылып, 18 айдың ішінде Сирияда парламенттік және президенттік сайлаулар өтуі тиіс.