Ақп 17, 2024 19:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Қырғызстан Батыс елдерінің аймаққа араласуына қарсы

ИИР мен Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшылары Батыс елдерінің аймақ елдерінің ішкі істеріне араласып, өз мақсаттары мен талаптарын таңу әрекетіне қарсы шықты.

 

ИРНА-ның жұма күнгі хабары бойынша,  Әли Акбар Ахмадиан  және  Марат Иманқолов Бішкекте кездесіп, кейбір батыс елдерінің Ауғанстандағы бірқатар лаңкестік топтарды қаржыландырудағы әрекеттері мен осы топтардың осы елдегі, Орталық Азия және аймақтағы белсенділігін арттыруға бағытталған талпыныстарына алаңдаушылық білдірді.

Түрлі саяси, қауіпсіздік және әскери өлшемдерде, әсіресе лаңкестікпен және ДАИШ лаңкестік тобымен күресте ынтымақтастықты арттыру Ахмадиан мен Иманқұлов кездесуінің екі жақтың да баса назар аударған басқа бағыттарының бірі болды.

Ауғанстанның алтыншы қауіпсіздік отырысы кеше жұма күні Иран мен аймақ елдерінің ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшыларының қатысуымен Бішкекте өтті.

 

Тегтер