Халықаралық сотта сионистік режимнің басқыншылығы туралы іс қарастырылады
(last modified Mon, 19 Feb 2024 14:18:31 GMT )
Ақп 19, 2024 20:18 Asia/Almaty
  • Халықаралық сотта сионистік режимнің басқыншылығы туралы іс қарастырылады

Халықаралық әділет соты БҰҰ Бас ассамблеясына сионистік режим басқыншылығының құқықтық салдарлары туралы консультациялық пікір білдіру мақсатында бірнеше жиналыс өткізеді.

Халықаралық әділет соты дүйсенбі, 19 ақпаннан бастап Палестинаны басып алудың құқықтық салдарларын талқылауға арналған 6 жиналыс өткізеді. Нидерландының Гаага қаласындағы "Бейбітшілік" сарайында бір апта бойы өтетін бұл тарихи жиналыстарға 52 елдің өкілдері қатысады.

БҰҰ Бас ассамблеясы 2022 жылы желтоқсанда Халықаралық әділет сотынан сионистік режимнің басып алған жерлердегі саясаттары мен әрекеттерінен туындаған құқықтық салдарлар туралы орындалуы міндетті емес консультациялық пікір білдіруді сұрады.

ОАР үкіметінің Халықаралық әділет сотына Израильдің үстінен түсірген шағымынан кейінгі апталарда бұл – сионистік режимнің басқыншылығына қатысты қарастырылған екінші іс. Сот бұл істі қарастыру барысында сионистік режимнің Газада геноцид және қылмыс жасауын тоқтатуды талап етті.

Палестина өкілдері дүйсенбі күні сөз сөйлейді. Палестиналықтардың дәлелдері мен айғақтары ұсынылғаннан кейін 51 ел мен 3 ұйым, соның ішінде  Араб лигасы, Ислам ынтымақтастық ұйымы және Африка одағының өкілдері қазылар алқасында сөз сөйлейді. 15 халықаралық судья осы істі қарастырып, қорытынды дауыс береді. Сионистік режим 1967 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауы, Шығыс Құдс және Газаны басып алды.

Палестинаның құқықтық командасы: "Палестина өкілдері сионистік режим басқыншылықтарының заңсыз болғанын дәлелдейді. Өйткені олар халықаралық  құқықтың басты принциптерін бұзды",-деп мәлімдеді. Олардың пайымдауынша, сионистік режим Палестина жерінің ауқымды бөлігін өзіне қосу арқылы территорияны басып алуға салынған тыйымды бұзды, палестиналықтардың өз тағдырын анықтау құқығын аяққа таптады, Палестина халқына бір кемсітушілік және апартеид сипатындағы жүйені таңды.

Бүгін Халықаралық әділет сотында жиналыстың өтуі – АҚШ пен Еуропада Палестинаны қолдайтын тәуелсіз топтар мен қоғамдық пікірдің қысымының нәтижесі. Тәуелсіз топтар Батыс елдерінің сионистік режимді қолдау саясатына қарсы.

ОАР-дың сионистік режимнің үстінен жазған шағымында да осы режимнің Палестина халқын қырып-жойып жатқанына және БҰҰ қарарларын орындамағанына баса назар аударылған. Израиль басшылары халықаралық заңдарға көңіл аудармай, Шығыс Құдста дуал сала бастады, мыңдаған палестиналықтың үйлері мен жерлерін тартып алып, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газада сионистік қалашықтар салды.

Мына жайтқа тоқтату керек: сионистік режим ешқашан БҰҰ қарарлары мен халықаралық заңдарға бағынбады. Олар палестиналықтарға қарсы қылмыс жасау үшін кез келген мұрсатты пайдаланып келеді.

Халықаралық әділет соты 2004 жылы да консультациялық пікір білдіре келіп:"Құдстың шығысын Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігінен бөліп тұратын сионистік дуал салу заңсыз. Құрылысты тоқтату керек",-деп мәлімдеді.

Халықаралық әділет сотының консультациялық пікірі сионистік режим оны орындауға міндетті болған кезде ғана әсерлі болмақ. Болмаса, кейінгі жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, Израиль басшылары АҚШ пен Батыс елдерінің қолдауына сүйене отырып, өздерінің заңсыз әрекеттерін жалғастыра беріп, БҰҰ қарарлары мен оған қарасты ұйымдардың қаулыларын мүлде ескермейді.

Ислам елдерінің Палестина халқына жақтасуы, кейбір елдердің сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды тоқтауы – Тель-Авивті БҰҰ қарарларын орындауға мәжбүрлейтін факторлардың бірі.

Тегтер