Хұсейн Амирабдуллахиан: Иран Шри-Ланкамен ынтымақтастықты дамытуға дайын
(last modified Wed, 21 Feb 2024 11:17:48 GMT )
Ақп 21, 2024 17:17 Asia/Almaty
  • Хұсейн Амирабдуллахиан: Иран Шри-Ланкамен ынтымақтастықты дамытуға дайын

Иран Сыртқы істер министрі Шри-Ланка Президентімен кездесуінде ортақ экономикалық комиссия өткізу туралы келісімге сілтеме жасап, Иранның Шри-Ланкамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтты.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан осы елдің астанасы Коломбода Ранил  Викрамасингхемен кездесуіндеынт Иранның экономика және өнеркәсіп секторлары, соның ішінде Энергетика министрлігі Шри-мен ынтымақтастықты дамытуға дайын екеніне тоқталып: "Ранил Викрамасингхенің қолдауы екі ел арасындағы Бірлескен экономикалық комиссияның келісімдерін жүзеге асыру үшін өте тиімді болды",- деді.

Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы Шри-Ланканың Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина халқына қатысты ұстанымдарын жоғары бағалап: "Негізгі басымдық – соғыс пен сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын тоқтату және Палестина халқының құқықтарын жүзеге асыру",- деп баса айтты. Амирабдуллахиан халықаралық суларда навигация қауіпсіздігіне де тоқталды.

Бұл кездесуде Шри-Ланка Президенті Ислам республикасының ілгерілеуі, үлкен жетістіктері мен стратегиялық ұстанымына тоқталып, Иранды Орталық Азияға апаратын дарбаза деп санап, Иранмен экономикалық қарым-қатынасты арттыруды қуаттады.