Ақп 22, 2024 19:41 Asia/Almaty
  • Аден шығанағының оңтүстік-шығысында бір британ кемесіне шабуыл жасалды

Ұлыбританияның теңіз саудасы ұйымы Аден шығанағының оңтүстік-шығысында Йеменнің оңтүстік жағалауынан бір британ кемесіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат алғанын хабарлады.

Осы ұйымның хабарлауынша, шабуыл екі зымыранмен жасалған, соның салдарынан кемеде өрт болған.

Ұлыбританияның теңіз қауіпсіздігі компаниясы: "Аден шығанағының оңтүстік-шығысында Ұлыбританияның бір жүк кемесі нысанаға алынды",-деп мәлімдеді.

Шабуылдың егжей-тегжейі әлі жарияланбады.

Ұлыбританияның теңіз саудасы ұйымы кеше Қызыл теңіздің оңтүстігінде бір кемеде жаралыс болғанын хабарлады.

Тегтер