Ақп 25, 2024 19:51 Asia/Almaty
  • Ирандық дарынды әйел Малайзияда Ислам әлемі конгресінің жүлдесін жеңіп алды

Ирандық дарынды әйел Малайзияда Ислам әлемі конгресінің "Rania-2024" жүлдесін жеңіп алды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Rania-2024" жүлдесін табыстау рәсімі жұма күні Куала-Лумпурда Малайзия Премьер-министрінің жұбайы, Әйелдер, жанұя және қоғамдық істер жөніндегі министрі, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары, осы елдегі шетелдік дипломаттар және ислам елдерінен келген бірнеше қонақтың қатысуымен өтті.

Осы рәсімде Малайзия Премьер-министрінің жұбайы ислам елдерінің таңдаулы 14 әйеліне, соның ішінде ирандық дарынды әйел Мариям Таджабадиге "Rania-2024" жүлдесін табыстады.

Мариям Таджабади – университет ұстазы әрі Теһран сауда палатасының денсаулық сақтау комиссиясы төрағасының орынбасары.

Бірнеше жыл бұрын Куала-Лумпурде өткен Ислам елдерінің сегізінші сауда конгресінде ирандық кәсіпкер Фатима Моқими Ислам елдерінің кәсіпкер әйелдері арасында алғаш рет жүлде алған болатын.  

Тегтер