Ақп 26, 2024 19:08 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Женевада Халықаралық Қызыл крест комитетінің басшысымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Женевада Халықаралық Қызыл крест комитетінің басшысымен кездесуінде сионистік режимнің Рафахқа ықтималды шабуылынан туындайтын апат жайлы ескертті.

Амир Абдуллахиан сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына тоқталып: "Рафахқа шабуыл жасалса, 1 400 000 палестиналық босқынға қауіп төнеді",-деді.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ АҚШ басшыларының Газада соғысты тоқтатпай, тек шабуылдарды азайту туралы сөздерін осы елдің соғысты тоқтатуды қаламайтынын білдіретінін айтты.

Халықаралық Қызыл крест комитетінің басшысы Сполярич осы кездесуде халықаралық  қауымдастықтың Газа дағдарысын шешуге қауқарсыз болып отырғанына өкініш білдіріп, Газа секторына тез арада гуманитарлық көмек жеткізуге тырысу керегін айтты.

Тегтер