Ақп 26, 2024 21:01 Asia/Almaty
  • Ресей Авдеевка маңында тағы бір қалашықты бақылауға алғанын хабарлады

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: "Ресей армиясы Авдеевканың жанындағы Ласточкино қалашығын бақылауға алды",-деп хабарлады.

Украина армиясы Ласточкино қалашығынан кері шегіннен кейін Ресей бүгін Авдеевка жолындағы осы қалашықты бақылауға алғанын растады.

Бүгін Донецк республикасының басшысы Денис Пушилин: "Донецк аймағындағы Авдеевка өндірістік қалашығы Украина күштерінен толық тазартылды. Бірақ территория әлі минадан толық тазартылған жоқ",-деді.

Ол жарылуы мүмкін оқ-дәрілермен қоса, аймаққа әуеден шабуыл жасалу ықтималы зор екенін, сондықтан қатер барын айтты.  

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу 17 ақпанда Ресейдің Авдеевканы толық бақылауға алғанын айтты. Украина күштері бұл қаланы Донецк пен Маковкаға қарай оқ жаудыру үшін пайдаланған.

Ресей Қорғаныс министрлігінің бүгінгі статистикасы бойынша, соңғы 24 сағатта Украина тарапынан қаза болғандар мен жараланғандар саны 1175 адамға жетті.

 

Тегтер