Ақп 26, 2024 21:39 Asia/Almaty
  • Бүгін Теһранда Иран мен Ресейдің ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының мамандандырылған отырысы басталды

Жұмыс топтарының екі күндік талқылауы барысында мұнай мен энергетика, стандарт, электр қуаты мен еркін экономикалық аймақтар туралы көптеген ынтымақтастық құжаттары дайындалып, Иран мен Ресейдің ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының басшылары – Иранның Мұнай министрі мен Ресей Премьер-министрі орынбасарының қол қоюына беріледі.

Сәрсенбі күні, 28 ақпанда Теһранда осы құжаттарға қол қою үшін Иран мен Ресейдің ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының отырысы өтеді.

 

Тегтер