Ақп 27, 2024 17:03 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Сионистік режим бүкіл әлем үшін ең айқын қауіп

Иран Сыртқы істер министрі: "Сионистік режим қорғансыз палестиналықтар мен Батыс Азия аймағы үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін ең жақын әрі нақты қауіп болып табылады",- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан  кеше дүйсенбі күні Женевадағы БҰҰ-ның Еуропалық штаб-пәтерінде өткен қарусыздану конференциясында: «Халықаралық қауымдастық басқыншы, апартеид және соғысушы сионистік режимнің әлем тыныштығына төндіретін бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерді байыппен қарастырып, осы қауіпке қарсы тұру үшін қатаң шешім қабылдауы керек. АҚШ  қолдайтын сионистік апартеид режимінің  соңғы бес айда Газа секторындағы аяусыз геноцид кезінде көрсеткен қатыгездігі аймақты ауқымды және жақын арада болатын қақтығысқа итермелеп отырған қауіптің шектен тыс деңгейін көрсетеді",- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі сионистік басқыншы режимнің АҚШ пен кейбір басқа батыс елдерінің қолдауымен батылдық танытқаны соншалық, Газа секторының жәбірленген халқы мен аймақ елдерін ядролық қару қолданумен ұятсыз қорқытуына тоқталып: "Қырып-жоюшы сионистік режимнің барлық ядролық қару-жарақ қорлары жойылып, оның барлық ядролық нысандары Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің  тексерісіне тапсырылуы қажет",- деп баса айтты.

 

Тегтер