ИИР Сыртқы істер министрі  Иран мен Финляндияның екіжақты  ынтымақтастық ортақ мүмкіндіктерімен бөлісті
(last modified Tue, 27 Feb 2024 13:21:56 GMT )
Ақп 27, 2024 19:21 Asia/Almaty
  • ИИР Сыртқы істер министрі  Иран мен Финляндияның екіжақты  ынтымақтастық ортақ мүмкіндіктерімен бөлісті

Иран Сыртқы істер министрі Женевадағы дипломатиялық қызметін жалғастыру аясында Финляндияның Сыртқы істер министрімен кездесіп: «Адами апатты болдырмау үшін күш салудың жалғасуына сенеміз",- деді.


                                                                                                                                                  

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Финляндияның Сыртқы істер министрі Илана Уолтоненді Финляндияда президенттік сайлаудың өтуімен құттықтап, Иранның екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ең жақсы деңгейге көтеруге мүдделі екендігіне тоқталып, осы мақсатта ортақ жол картасын әзірлеуге дайын екенін қуаттады.

Амирабдуллахиан Газа дағдарысы мен 70 пайызын әйелдер мен балалар құрайтын 30 мыңнан астам палестиналықтардың өлтірілуіне тоқталып: «Өкінішке орай, адам құқығы мәселесінің саясиландырылуына байланысты адам құқығын талап ететін кейбір елдер осы жан түршігерлік өлтірулердің барлығына қатысты шындықты іздеу комитетін құруға рұқсат бермеді",- деді.

Финляндияның Сыртқы істер министрі де осы кездесуге ризалығын білдіріп, Иранға келуге шақырғаны үшін алғыс айтып, Иран Ислам Республикасымен өзара мүдделі салаларда диалогтың жалғасуын құптады. Ол Газадағы алаңдатарлық гуманитарлық жағдайды екі елдің ортақ уайымы деп сипаттап: «Адами апатты болдырмау үшін күш салудың жалғасуына сенеміз",- деді.

 

   

 

Тегтер