Ақп 29, 2024 20:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасында 6 ынтымақтастық құжатына қол қойылды

Иран мен Ресейдің ортақ ынтымақтастық комиссиясының он жетінші отырысында 6 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран мен Ресейдің ортақ ынтымақтастық комиссиясының он жетінші отырысы сәрсенбі күні Иран Мұнай министрі Джавад Оуджи мен Ресей Премьер-министрінің орынбасары Александр Новак қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында атқарылған істерді талқылау мақсатында өтті.

Бұл отырыста мұнай мен газ саласында атқарылған шаралар, жол және тұрғын үй саласында екіжақты ынтымақтастық, стандарттар, еркін сауда аймақтар туралы мәселелер қарастырылып, 6 меморандумға қол қойылды.

Тегтер