Ақп 29, 2024 22:31 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Оман Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасарымен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Оман Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары шейх Халифа бен Әли бен Иса әл-Харасимен кездесті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы кездесуде Теһран мен Масқаттың екіжақты қарым-қатынас үдерісіне тоқталып, екі ел байланысының айтарлықтай дамығанын айтты.  

Ол Оман сұлтандығына Палестина мен Газа халқын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Оман Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары да Иран Сыртқы істер министрімен кездескеніне қуаныш білдіріп, Оман сұлтандығы Сыртқы істер министрінің жалынды сәлемін жеткізіп, екі елдің стратегиялық консультациялар комитетінің оныншы отырысы аясында өткен келіссөздер нәтижесі туралы есеп беріп, екіжақты қатынасты қанағаттандырарлық деп бағалады.

Әл-Хараси ИИР-ның Палестина мен Газа халқына қатысты ұстанымын да оң бағалады.

Оман Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сондай-ақ Оман үкіметінің араағайын болу талпыныстарын толық қолдайтынын айтып, Газада атысты толық тоқтатуға бағытталған талпыныстардың мүмкіндігінше тезірек жеміс беретініне үміт білдірді.    

Тегтер