Нау 03, 2024 17:45 Asia/Almaty
  • Палестина және АҚШ-тың

Батыс елдерінің көзқарасы бойынша, Израиль мемлекетін құру – Холокостта еврейлерге жасалған зұлымдықтың қисынды нәтижесі.

Бұл – Израильдің бар болу философиясы, халықаралық сионизм мен Батыс үкіметтерінің өмірлік мүдделерімен ажырамас байланысы бар өте әсіреленген оқиға. Бұл оқиға Батыс Еуропаның еврейлерге жасаған қысымының бір бөлігі болды. Бірақ неліктен палестиналықтар оның өтеуін төлеуге тиіс екені белгісіз.

Шын мәнінде адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар Екінші дүниежүзілік соғыста болған кейбір қылмыстарды АҚШ-тың Жапонияға атом бомбаларын тастауы сияқты қылмыстардан көбірек әсірелеп көрсету арқылы Палестина жерін басып алуға сылтау дайындады. Бірақ олар ешқашан басқа қылмыстарға қатысты мұндай позиция ұстанған емес.

Мысалы, Корея соғысы басталғанда АҚШ-тың араласуымен кемінде 800 мыңнан аса әскери қызметкер мен 1 млн 500 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты. Бірақ бұл жаппай қырғын ешқашан адам құқықтарын қорғаушылар тарапынан сынға ұшыраған емес.

Сол соғыста АҚШ қолбасшыларының бірі болған Кертис Лемей (Curtis Lemay) "Біз Солтүстік Кореяға барып, ондағы барлық қалаларды отқа орадық... Үш жылдан аса уақыт бойы корей халқының 20 пайызы соғыстың тікелей шығыны ретінде қаза тапты" деген.

АҚШ тағы бір рет өз қырып-жою машинасын 1950 жылы Вьетнамда қосты. 20 жылдың ішінде 2 млн бейбіт тұрғын мен 1 млн-нан аса әскери қызметкерді өлтірді. Алайда адам құқықтарын қорғаушылар тағы да үнсіз қалды.

2003 жылы Ирак та жалған сылтаумен АҚШ-тың қырып-жою машинасының шеңгеліне түсті. Бұл соғыста кемінде 1 млн жазықсыз бейбіт тұрғын қаза тапты. Бірақ бұл кезде де Батыс елдерінің адам құқығын қорғаушылары сын айтып, айыптаудың орнына үнсіз қалды. Өйткені мүддесі осы үнсіздікте еді.

Қазіргі таңда Газада да осы жағдайды көріп отырмыз. Тағы геноцид болып жатыр. Әлемнің қоғамдық пікірі алаңдаушылық білдірді, ал адам құқығын қорғаушылар бұрынғыдай үнсіз. 

АҚШ тағы да геноцидті таратуда көш бастап отыр.

Израильдің Палестина халқына қарсы соғысына тікелей араласып отырғаны үшін қоғамдық пікірдің қысымына ұшыраған АҚШ гуманитарлық әрекеттермен оны азайтуға тырысқанымен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Газада атысты шұғыл түрде тоқтату туралы қарардың алғынұсқасына үшінші рет вето жариялады.

Алжирдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Араб елдерінің атынан ұсынған  қарарының алғынұсқасы сейсенбі, 20 ақпанда қаралып, 13 оң дауыс жинаса да, АҚШ тарапынан ветоға ұшырады.   

АҚШ Газада бітім орнауына тосқауыл болумен қоса, Израильге орасан зор әскери және қаржылай көмек беру арқылы палестиналықтарды қырып-жоюға қатысып жатқанын ұмытпауымыз керек.

Тегтер