Нау 03, 2024 19:11 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Алжирде Ирак Президентімен кездесті

Иран Президенті Алжирде өткен Газ экспорттаушы елдер (GECF) басшыларының жетінші отырысы аясында Ирак Президентімен кездесіп: "Шекаралық аймақтарда лаңкестік және сепаратистік топтармен күресу екі елдің белсенді әріптестігін қажет етеді",-деді.

Раиси Ирак, әсіресе Күрдістан аймағы тұрғындарының Иран халқымен ғасырлар бойы көршілес тұрып жатқанын айтып, сионистік режимнің осы қарым-қатынасқа соққы беру үшін қастандықтар жасап жатқанын ескертіп, екі елдің қауіпсіздік келісімін толық орындап, Ирак тарапынан ИИР-мен шекаралас аймақтарда лаңкестік және сепаратистік топтар әрекетінің алды алынып, оларды қарусыздандыру жұмыстары атқарылу керегін айтты.

Ирак Президенті осы кездесуде: "Ирак ешқашан өз территориясынан ИИР жеріне қандай да бір басқыншылық жасалуына жол бермейді",-деп сендірді.

 

Тегтер