Нау 03, 2024 19:27 Asia/Almaty
  • Санкт-Петербург қаласында бір дрон құлады

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Украина армиясына тиесілі болуы мүмкін бір дрон құлап, жойқын жарылыс болды.

Russia Today арнасының хабарлауынша, Санкт-Петербург қаласының әкімшілігі бүгін таңертең осындай "оқиға" орын алып, ауданда тұрғындар эвакуацияланғанын растады.

"Фонтанка" жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Санкт-Петербург қаласының солтүстігінде жарылыс болып, бір тұрғын үйдің қасбеті қатты зақымданды.

Санкт-Петербург қаласының әкімі Александр Беглов бұл оқиғаның дрондық шабуыл болған-болмағанын түсіндіруге дайын болмай шықты.

Ол Telegram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Жарылыста адам шығыны болған жоқ. Екі ғимараттың балкондарының терезелеріне зиян келді",-деп жазды.

Тегтер