Нау 03, 2024 21:02 Asia/Almaty
  • Бокстан әлем чемпионатында ирандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Бүгін Италияның Ломбардия қаласында 112 елдің 632 боксшысының қатысуымен әлем чемпионаты басталды.

2024 жылғы олимпиадаға іріктеу жарысында әр салмақтан 4 үздік спортшы Парижге жолдама алады. Жеребе бойынша бірінші айналымда 57 кг салмақта ирандық боксшы Даниал Шахбахш Венесуэла өкілімен, 63,5 кг салмақта Әли Хабибинежад Эфиопия өкілімен, 71 кг салмақта Мослем Мақсуди Палестина өкілімен, 80 кг салмақта Мейсам Қешлақи Үндістан өкілімен, 92 кг салмақта Пурия Амири Филиппин өкілімен, 92 кг-дан жоғары салмақта Иман Рамазанпур бір айналым демалыстан кейін Сейшель аралдарының өкілімен жұдырықтасады.

 

Тегтер