Швецияның жоғары сотында Хамид Нуриге өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды
(last modified Thu, 07 Mar 2024 16:02:44 GMT )
Нау 07, 2024 22:02 Asia/Almaty
  • Швецияның жоғары сотында Хамид Нуриге өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды

Швецияның жоғары соты сәрсенбі күні Хамид Нуриге қатысты істе аппеляциялық шағымды қабылдамай, өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімінің шығарылғанын растады.

Иран азаматы Хамид Нури 2019 жылы 9 қарашада Швецияға кірген сәтте осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталды.

Швеция прокуратурасы Хамид Нуриді 34 жыл бұрын Иранда болған оқиғаға қатысы бар деп айыптады. Оған қарсы шағым түсіргендердің көбі – "Мұнафықтар" лаңкестік тобының мүшелері.

Швецияның аппеляциялық соты 2023 жылы 19 желтоқсанда Хамид Нури ісіне қатысты қорытынды дауыс беріп, оны өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.