Нау 08, 2024 18:08 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Кавказда бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бар күшін салады

Иран Президенті Арменияның Қорғаныс министрімен кездесуінде Иранның Кавказ аймағында бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бар күшін салатынын айтып: "ИИР өзінің тұрақты позициясы, яғни аймақтың геосаяси жағдайы мен шекараларын өзгертуді қаламайтынын жариялай отырып, аймақ елдері арасында қарым-қатынас егемендік пен аумақтық тұтастыққа құрметпен қарап, бөгделерді аймақ істеріне араластырмауға негізделуі тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні кешке Сурен Папикянмен кездесуінде ИИР-дың Кавказда бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған кез келген шараны қолдайтынын айтып, екі ел Қорғаныс министрлерінің келіссөздері аймақ қауіпсіздігін одан ары нығайтуға септігін тигізеді деп үміт білдірді.

Ибрахим Раиси аймақ қауіпсіздігі тек сол аймақтың елдері тарапынан қамтамасыз етілуі тиістігін айтып: "Бөгделердің араласуына жол беру қауіпсіздік әкелмейді. Тыныштық пен қауіпсіздік тек аймақ елдерінің әріптестігімен кепілдендіріледі",-деді.

Арменияның Қорғаныс министрі осы кездесуде ИИР-дың тәуелсіз елдердің егемендігін сақтау және аймақ бейбітшілігін айбынмен қорғау туралы ұстанымына алғыс айтып, Кавказда бейбітшілік орнатуды Армения үкіметінің күн тәртібінде тұрған ең маңызды мәселе деп атап: "Біз барлық елдердің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарай отырып, Кавказда бейбітшілікті сақтауды қалаймыз",-деді.

Тегтер