Нау 08, 2024 20:19 Asia/Almaty
  • Израильдің кез келген қоқан-лоқысына жауап беруге Иранның қақысы бар

БҰҰ-дағы Иран елшісі Израиль Сыртқы істер министрінің ИИР-ге қарсы сөздерінен кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, сионистік режимнің қандай да бір авантюристік әрекеті туралы ескертіп, Тель-Авивтің Иранның ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігіне қарсы кез келген қоқан-лоқысына жауап беруге заңды құқығы барын баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті төрағасы Кадзуюки Ямадзаки мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдап: "Бұл хат Израиль Сыртқы істер министрінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті төрағасына жіберген хатына жауап ретінде дайындалды. Израиль Сыртқы істер министрі өз хатында ИИР-ге қарсы жалған уәждер айтып, қате ақпарат берді. Хаттағы айыптаулар мүлдем негізсіз, сондықтан үзілді-кесілді теріске шығарылады",-деді.

БҰҰ-дағы Иран елшісі: "Бұл хат сионистік режимнің халықаралық қауымдастықтың назарын Газа секторында Палестина халқына қарсы жасап жатқан қылмыстары мен геноцидінен алдарқатуға тырысып жатқанын көрсетеді",-деді.    

Тегтер