Халықаралық әйелдер күнінде Газада қаза тапқан палестиналық әйелдер саны 9 мыңнан асты
БҰҰ-нің әйелдер істері жөніндегі атқарушы директоры: "Сионистік режим армиясының Газа секторына бес ай бойы жасаған шабуылдарында 9 мыңнан аса палестиналық әйел қаза тапты",-деді.
Сима Сами Искандар Бахус Газа секторында атыс шұғыл түрде тоқтатылып, гуманитарлық көмек жеткізілуі керегін айтып: "Жапа шеккендердің бәріне әділ қатынас көрсетілмей, Газада бейбітшілік орнату мүмкін емес",-деді.
Халықаралық әйелдер күнімен бір мезгілде палестиналық босқындарға гуманитарлық көмек жеткізумен айналысатын UNRWA агенттігі: "Орташа есептегенде Газа секторында күніне 63 әйел қаза табады. Сионистік режимнің 2023 жылы 7 қазаннан бері Газа секторына жасап жатқан шабуылдарында шамамен 31 мың палестиналық қаза тауып, 72 мыңнан аса адам жараланды. Олардың 72 пайызы – әйелдер мен балалар",-деп мәлімдеді.