Нау 17, 2024 22:36 Asia/Almaty
  • Газаның солтүстігінде аштыққа ұшырап отырған балалар саны екі есе артты

БҰҰ-ның UNICEF балалар қоры Газа секторының солтүстігінде аштыққа ұшырап отырған балалар санының екі есе артқанын хабарлады.

UNICEF соңғы бір айда Газа секторының солтүстігінде аштыққа ұшырап отырған балалар санының екі есе артқанын айтып: "Бұл аймақта 2 жасқа толмаған 3 баланың біреуі дұрыс тамақтанбайды",-деді.

UNICEF-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел Газа секторында аштықтың өршіп бара жатқанын айтып: "Бұл аймақта балалардың жағдайы күннен күнге нашарлап барады",-деді.

БҰҰ-ның UNRWA палестиналық босқындарға көмектесу агенттігі: "Газа балалары арасында аштық бұрын-соңғы болмаған қалыпта жылдам таралып жатыр. Аймақта жұт болуы мүмкін",-деп мәлімдеді.

 

Тегтер