Нау 19, 2024 17:19 Asia/Almaty
  • Рамазан айының 8-күнінің дұғасында жетімге қарайласып, мұқтаждарға тамақ беріп, басқалармен сәлемдесу туралы айтылған

Рамазан айының 8-күнінің дұғасында жетімдерге мейірімділік жасау, кедейлерді тамақтандыру, ашық сәлемдесу және жақсылармен сырлас болу сияқты тағылымдар айтылған.

Құран түскен Рамазан айы – Алла тағаламен байланыс орнатуға болатын ең жақсы айлардың бірі.

Жан дүниесін тазартып, Аллаға жақындай түсу үшін ораза ұстаушы дұға оқиды. Сондықтан дұғаның түрі мен Құдайдан қалай сұрағаны өте маңызды.

Пайғамбардың хадистерін толық жеткізген Әһл-е Бейт Рамазан айына арналған дұғалар жазып қалдырған. Бұл – мүміндердің дүниелік және ақыреттік қалауларын орындаудың ең жақсы жолы.

Рамазан айының 8-күнінің дұғасы:  

بسم الله الرحمن الرحیم

«اللهمّ ارْزُقنی فیهِ رحْمَةَ الأیتامِ وإطْعامِ الطّعامِ وإفْشاءِ السّلامِ وصُحْبَةِ الکِرامِ بِطَوْلِکَ یا ملجأ الآمِلین

 

Уа, Раббым, мейірімге толы осы айда жетімдерге жақсылық жасауды, кедейлерді тамақтандыруды, асыл жандармен сәлемдесіп, араласуды нәсіп ете гөр.

Тегтер