Нау 22, 2024 17:36 Asia/Almaty
  • The New York Times газетінде антигуманистік әрекет әшкереленді

Ирандық тілші "Х" әлеуметтік желісінде АҚШ-тың The New York Times газетінің Газа жаңалықтарын жариялаудағы қитұрқысын әшкереледі.

Ильхам Абедини: "The New York Times газеті "Газаға неге көбірек көмек жіберілмейді?" деген тақырыпта фотосурет жариялады. Олар Газаның қоршауға алынғанын, гуманитарлық көмектің қиыншылықпен жеткізілетінін білмейтін сияқты. Егер адам мәтінді оқымай, тек тақырыбын көрсе, сионистік режимде ешқандай кінә жоқтай, ол секторды қоршап тұрмағандай түсінуі мүмкін. Сөздің күшімен оқиғаның өңін қалай айналдырып көрсетуге болатынын байқадыңыздар ма?"-деп жазды.

Image Caption

Батыс ақпарат құралдарының Газа халқының аянышты жағдайы мен сионистік режимнің қылмыстарын Палестинада геноцид болып жатқанын бүркемелей баяндап отырғаны бірінші рет емес. Ал негізі Газа соғысы әлем жұртшылығының алдында Израильдің абыройы төгілген жанжалға айналғалы қашан!    

 

Тегтер