Мәскеуге шабуыл жасаған қандай ДАИШ?
(last modified Sat, 23 Mar 2024 12:21:07 GMT )
Нау 23, 2024 18:21 Asia/Almaty
  • Мәскеуге шабуыл жасаған қандай ДАИШ?

Ирандық тілші Мұртаза Ғарқи "Х" әлеуметтік желісінде Мәскеуде болған лаңкестік шабуылға жауапкершілікті ДАИШ алғанын айтып, АҚШ пен Израильдің осы топты құрып, қолдаудағы рөліне тоқталды.

Мұртаза Ғарқи "Х" әлеуметтік желісінде: "ДАИШ Мәскеудің айналасында болған лаңкестік шабуылды ресми түрде өз мойнына алды. Бұл ДАИШ – Украинаға барып, оны Ресейдің шабуылынан қорғайтын, өз жаралыларын Израильде емдейтін, АҚШ барлау ұйымдарының қаражатымен Ливияда дайындықтан өтетін ДАИШ",-деп жазды.

ДАИШ лаңкестері жұма күні кешке Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуыл жасап, кемінде 60 адамды өлтірді.  

Осы күнге дейін бірнеше ел, соның ішінде Иран осы лаңкестік шабуылды айыптады.