Нау 23, 2024 21:37 Asia/Almaty
  • Отбасы институтына қарсы жаһандық соғыс

Жыныстық ауытқушылық үлгілерін насихаттау мен отбасы институтының рөліне негізделген таза өмір салтына күмән келтіру Батыстағы көптеген ресми және бейресми мекемелер ойынының ажырамас және айқын бөлігіне айналды.

Осы жағдайда  адамгершілікке және адам болмысына жат арсыздықты қалыпты іске айналдыру – лаицизмді жақтаушылардың ойын жоспарының айқын бөлігі.

Идеологиялық диктатура

Еуроодаққа мүше Мажарстан мен Польша елдері Еуропа Парламенті тарапынан  біржыныстылар мен басқа да жыныстық ауытқушылыққа ұшыраған топтардың өмір салтын қабылдау туралы бұйрыққа мойынұсынбағаны үшін осы одақтың қаржылай көмегінен мақрұм қалды. Тіпті қолда бар деректерге сәйкес мұсылман елдері де БҰҰ-ның кейбір органдары тарапынан жыныстық ауытқушылыққа ұшыраған топтардың құқықтарын ресми түрде тануға және олардың еркін жұмыс жасауына кедергі болмауға қатысты қысымға ұшыраған.

Батыстағы біржыныстылардың шеруі

Осы ойынның бөлшектерін қатар қойып, құрастырған кезде бір бұрмаланған, бірақ мақсатты бейне туындайды! Бұл – отбасы институтына қарсы жаһандық соғыстың жоспары. АҚШ пен кейбір еуропалық елдердің сараптама орталықтары мен ресми қауіпсіздік органдарында дайындалған осы жоспар жария емес, бірақ сезілетін қалыпта орындалып жатыр.

Отбасы институтына қарсы жаһандық соғысты бірнеше тұстан сараптауға болады:

Басқыншылық қалай жасалады?

Алдымен неге отбасы институтына шабуыл жасалады деген сұраққа жауап берейік. Отбасы – адамзат қоғамының ең негізгі ошағы ретінде адам болмысындағы құндылықтарды сақтайтын негізгі бастау.

Отбасы –  адамгершілікке негізделген ең жақсы ақлақтық институт. Отбасы – адам сезімдерінің тамырлы терең шынайы орталығы. Отбасы – тәрбиенің алғашқы және ең шынайы орталығы. Егер қоғамды осы нығметтен мақрұм қалса, сол қоғам төл болмыс пен руханияттан айырылады.

Батыстағы отбасына шабуыл

 

Қазіргі жағдайда адам баласы адам-сымақ машиналармен бетпе-бет келіп отыр. Биліктегілердің жалған құндылықтарына сүйеніп, олар кез келген нәрсені жасайды. Адамгершілік пен руханияттан ада қоғам – адамдарды қанауға, нәпсінің билік құруына қолайлы орта.

Соғыстың ауқымы

Екінші тақырып – соғыстың ауқымы. Атауынан көрініп тұрғандай, бұл шабуыл жаһандық сипатқа ие.

Бірнеше жыл бұрын Батыста рухани-ақлақтық құндылықтар атеизм, эпикуризм (гедонизм) және нигилизм (абсурдизм) сияқты сенімдер тарапынан сынға алынғанда, басып алудың ауқымы бұл дәрежеде кеңейеді,  антиқұндылық құндылыққа айналады, ал ауытқу әмбебап нормаға айналып, барлық елдерді қамтиды деп ешкім ойлаған жоқ.

Батыстың жыныстық ауытқушылық үлгілерін қолдап, асыра көрсету арқылы отбасы институтына шабуыл жасауы нақты бір географиялық аймақпен шектелмейді. Жоғарыда айтылғандай, біз мұнда жаппай және жаһандық соғысқа тап болдық. Онда әр ұлтқа, әрбір діни өкілге белгілі бір жолмен шабуыл жасалып жатыр.  

Мұнда жалпы стратегия бір. Бірақ олардың әр дінге, мәдениетке, ұлтқа қарсы пайдаланатын арналары мен құралдары әртүрлі болады. Бұл жерде жаудың ойыны мен оның құрамдас бөліктерінің табиғатын түсіну керек. Бұл отбасы институтына қарсы жаһандық соғыс ашқан жаудың картасын оқу дегенді білдіреді.

Әйелдердің рөлі

Үшінші тақырып – отбасының өзегі ретіндегі әйелдер рөліне көңіл аудару. Отбасында әйелдің ұйтқы болуы оның болмыстық құндылықтарына шабуылдаудың себебі болып отыр. Бұл дұшпандардың осы мәселеге баса назар аударып отырғанын көрсетеді. Егер қоғамда әйелдер өздерінің болмыстық құндылықтарын жоғалтса, бұдан былай отбасында сындарлы рөл атқара алмайды, керісінше олар үй мен отбасы құндылықтарының ыдырауына себеп болады. Түрлі елдерде адамгершілікке жат ағымдардың әйелдерді еркіндік пен әйел құқығы деген негізсіз ұранмен құрал ретінде пайдалану әрекеттерінің кең тарауы осы мәселеде жатыр.

Біздің қатынасымыз

Соңғы тақырып имандық пен руханиятқа қарсылардың отбасы институтына қарсы ресми түрде соғыс жариялауына қатысты біздің ұстанымымызға байланысты.

Бұл текетірес жаудың жоспарын дұрыс оқу, жаудың когнитивті соғысына қарсы тиімді шабуыл және қорғаныс шараларын жасау, адам болмысы мен отбасы институтын қорғау мақсатында жаһандық жүйелер құру негізінде мүмкін болады.

Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы адамгершілікке негізделген салауатты өмірдің табиғи заңдылықтары мен негіздерін растайтын және қолдайтын отбасылар мен жеке тұлғалар географиялық және діни көзқарастарына қарамастан, бірігіп, отбасы институты мен оның болмысына қарсылардың қауіпті ойынына тартылудан сақтануы керек. Сонда олар өздерінің және балаларының салауатты өмір салтын сақтай отырып, осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа бере алады.

Image Caption

Осыған байланысты практикалық шешімдердің бірі – дүние жүзіндегі тәуелсіз елдер мен халықтар тарапынан отбасын қорғаудың жаһандық негіздерін қалыптастырып, тиісті институттар құру.

Жазушы: Исламдық құқық ұстазы доктор Мұхаммедмехди Иманпур

Тегтер