Нау 28, 2024 18:45 Asia/Almaty
  •   Израильді қолдау үшін Швеция Палестинаны жақтаушыларды қудалайды

Швеция билігі сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына наразылық білдірген кейбір адамдарды қудалады.

 

Палестинаны жақтаушылар 14 ақпанда Швеция парламентінде өткен кездесуде Стокгольм  Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстромның  сөзін үзіп,  Палестинаны қолдайтын ұрандар айтып, сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдарын геноцид деп санады.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Биллстром осы сөзінде сионистік режимнің Хамасқа қарсы «өзін-өзі қорғау» деген болжамды құқығы деп аталатын нәрсені қолдады. Дәл осы кезде палестиналықтарды жақтаған шерушілердің бірі сөзін бөліп: «Израиль геноцид жасап жатыр. Мұны қалай қолдай аласыз?»- деп айқайлады. Осы кездесуде орын алған кедергілерден кейін наразылық білдірушілер ұрандауды жалғастырып: «Газада балалардың қалай өліп жатқанын бәрі көріп, естиді» деді.

Швеция бірнеше жыл бұрын Палестинаны қолдайтын Еуропа елдерінің бірі ретінде өзін көрсетті, тіпті 2014 жылы Палестина мемлекетін мойындаған Еуропалық Одақтың алғашқы мүшесі болды. Бірақ осы оқиғадан кейін он жыл өткен соң Швеция қазіргі Америкаға тәуелді үкіметтің құрылуына байланысты сионистік режимнің шектен шыққан қолдаушысына айналды.

Сионистік режимнің Газа секторына қарсы қоршау мен әуе, теңіз және құрлықтағы операцияларының күшеюінен кейін 32 мыңнан астам палестиналық шәһид болды, олардың көпшілігі балалар мен әйелдер. Сондай-ақ 75 мыңнан астам палестиналық жарақат алды.

 

Тегтер