Нау 30, 2024 17:18 Asia/Almaty
  • 2 мың психолог Израильді әйелдер жөніндегі комиссиядан шығару туралы өтінді

Әлемнің әртүрлі елдерінің 2 мыңнан астам психологы БҰҰ Бас хатшысы мен БҰҰ Әйелдер құқығы комиссиясының хатшысына хат жазып, сионистік режимді осы комиссиядан шығаруды талап етті.

 

Бұл хатта  психологтар халықаралық ұйымдардың Газадағы әйелдер мен балалардың психикалық денсаулығына немқұрайлы қарауына үлкен алаңдаушылық білдіріп, сионистік режимнің Газадағы айуандық қылмыстарын айыптады.

Бұл хатта былай деп айтылды: "Бүгінгі күні әлем психологтарының маңызды сұрағы - БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясы тек бірнеше елдерге арналған және Газа тұрғындары мен оның әйелдері мен балалары үшін бұл ұйымда олардың орны жоқ па? Әйелдер комиссиясының құрметті мүшелері күнін бомбаның, оттың, оқтың даусынан бастайтын әйелдер мен балалардың психикалық денсаулығын ойлады ма?

Палестиналық әйелдер мен балалар Израиль қылмыстарының негізгі құрбандары.

Қалайша қолы 25 мыңнан астам жазықсыз әйелдер мен балалардың қанына былғанған сионистік режим барлық осы қорқынышты шабуылдарымен осы комиссияның мүшесі болып қалып, әйелдер мен балалардың құқықтары туралы айтады?

Газадағы соғыста қаза тапқандардың шамамен 70 пайызы жазықсыз әйелдер мен балалар болуына қарамастан, бұл режим әйелдердің құқығын талап етеді. Осы сұмдық қылмысқа халықаралық ұйым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының көзі мен құлағы жабық па?"

Израильдің Газадағы жаңа басқыншылығында шәһид болғандар арасында 25 мың әйел мен бала бар.

 

Ақырында, әлем психологтары Израильдің қылмыстарына немқұрайлы қараудың салдары, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының беделіне нұқсан келтіретінін ескертіп,  бұл сұмдық және жалған режимді осы ұйымға қатысы бар барлық қорлардан мүмкіндігінше тезірек шығаруды және ең аз реакция ретінде оны Әйелдер комиссиясы мен Бала құқықтары жөніндегі конвенциядан шығаруды талап етті.  

 

Тегтер