Нау 31, 2024 18:43 Asia/Almaty
  • Ирандық қыздар хоккейден Азия және Тынық мұхиты чемпионатының жеңімпазы атанды

Иранның хоккейден қыздар командасы Азия және Тынық мұхиты чемпионатының жеңімпазы атанды.

Иранның хоккейден қыздар командасы  кеше, сенбі Азия және Тынық мұхиты чемпионатының финалында Филиппин командасын 4:0 есебімен жеңді.

Ирандық қыздар осы чемпионатта БАӘ, Қырғызстан, Үндістан мен Филиппин командаларын жеңді. Олар екінші рет аталмыш чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанды.

Хоккейден Азия және Тынық мұхиты чемпионаты Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өтті.

Ирандық қыздар өткен жылы хоккейден Азия және Тынық мұхиты чемпионатына бірінші рет қатысып, екінші орын алған болатын.

 

Тегтер