Сәу 01, 2024 19:46 Asia/Almaty
  • Ирандық компаниялар Мәскеуде өткен химиялық өнімдер көрмесіне қатысты

Иранның технологиялық компаниялары Мәскеуде өткен химиялық өнімдер көрмесіне қатысып, химиялық заттар, полимер, талшық, шыны талшықтары, өндірістік техника, өнеркәсіптік полиуретан саласында іргелі ғылымға негізделген өнімдер ұсынды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биыл "Полиуретан-2024" атты он бесінші халықаралық көрмеге әлемнің 17 елінен 1200-ден аса компания қатысты. Ирандық компаниялардың технологиялық өнімдері ресейлік компаниялардың назарына ілікті.

Ресейдің "Диафор" компаниясы директорының орынбасары Илья Волков Иран Телерадио бірлестігінің тілшісіне берген сұхбатында мұнай мен газ құбырларын жасау саласында ирандық компаниялармен әріптестік жасалып жатқанына тоқталып: "Бұл әріптестік екі жыл бұрын жүзеге аса бастады. Дайын өнім шығару үшін Иранның техникалық білімі мен шикізаты пайдаланылады",-деді.

Тегтер