Сәу 05, 2024 23:05 Asia/Almaty
  • Көрші ақысы деген не?

Исламда көрші ақысына көп көңіл бөлінген. Көршілермен дұрыс қарым-қатынаста болу бір ауданның тұрғындарының дамуына қолайлы орта, жалпы ізгі қоғам қалыптастыруға себеп болады.

Ислам пайғамбары көрші ақысы және көршімен әрекеттестік туралы маңызды да терең сөздер айтқан.

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің сахабаларына қарап: "Көрші ақысы деген не екенін білесіз бе?"-деп сұраған. Сахабалар "Жоқ" деген.

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) өз жолдастарына көрші ақысы дегенді былай түсіндірген: "Бір адамның өз көршілеріне қатысты мынадай міндеті бар: Егер ауырып қалса, халін сұрай баруы керек. Егер дүниеден өтсе, жаназасына қатысуы керек. Егер несие сұраса, қарыз беру керек. Қуанса, құттықтап, қайғырса, қайғысына ортақтасу керек. Желдің жолын жаппауы үшін өз үйін оның үйінен биігірек салмауы тиіс. Жеміс-жидек сатып алсаң, оған біразын сыйла. Егер сыйламасаң, жасырын түрде оның үйіне тастап кет. Көршінің баласын ренжітіп алмау үшін өз балаңның қолына жеміс ұстатпа. Тамақтың иісімен көршіңді мазалама. Болмаса, көршіңе біраз тамақ апарып бер".

 

أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صلی الله علیه و آله قَالَ: أَتَدْرُونَ مَا حَقُّ الْجَارِ؟ قَالُوا: لَا. قَالَ: إِنِ اسْتَغَاثَکَ أَغِثْهُ وَ إِنِ اسْتَقْرَضَکَ أَقْرِضْه‏ ... وَ اِنْ مَرَضَ عُدْتَهُ وَ اِنْ اَصابَتْهُ مُصیبَةً عَزَّیْتَهُ. «بحار الانوار، ج 79، ص 93»

Тегтер