Франция мен Әзірбайжан республикасының жаңа елшілері Руханимен кездесті
(last modified Tue, 17 May 2016 15:21:08 GMT )
Maм 17, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Франция мен Әзірбайжан республикасының жаңа елшілері Руханимен кездесті

ИИР президенті "Теһран- Париж байланысы екі тараптың ауқымды әлеуетіне сәйкес, экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени және аймақтық барлық салаларда жоғарылап, тереңдетілуі керек" деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Францияның жаңа елшісі Франсуа Санамоны қабылдауында Франциямен барлық салада ынтымақтастықтарды кеңейту мен тереңдетуді қолдап, Иран мен Францияның байланысында жаңа маусымның басталғанын мәлімдеді.

ИИР президенті сондай- ақ аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейту қажеттілігіне сілтеме жасап: «Аймақта, әсіресе Сирия мен Иракта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату екі елге пайдалы болмақ. Теһран мен Париж аймақта тыныштық пен тұрақтылықтың діңгектерін күшейтуде маңызды рөл атқара алады» деді.

Теһрандағы Францияның жаңа елшісі Франсуа Санамо да өз сенім хатын ИИР президентіне табыс етіп, Париждің Теһранмен барлық салаларда байланысты тереңдетуге бекем бел буып отырғанын айтты.

ИИР президенті сондай- ақ Әзірбайжан республикасының Теһрандағы жаңа елшісі Бонияд Хосейновты қабылдауында, екі ел тарапынан Теһран мен Бакудің байланыстарын жан- жақты кеңейту үшін шынайы талаптың бар екендігін мәлімдеді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы: «Аймақ мәселелері мен қиыншылықтары, атап айтқанда лаңкестік пен әсірешілдік түйткілі барлық елдердің ынтымақтастығы және атсалысуымен шешілуі керек» деді.

Әзірбайжан республикасының Ирандағы жаңа елшісі де екі елдің байланысын достық пен ынтымақтастық негізінде деп бағалап: «Теһран- Баку ынтымақтастықтарын түрлі салада кеңейту екі ұлт пен екі елге пайдалы болады» деді.