Қытай инвесторлары: Иран – мүмкіндіктер елі
(last modified Sat, 04 May 2024 16:02:04 GMT )
Maм 04, 2024 22:02 Asia/Almaty
  • Қытай инвесторлары: Иран – мүмкіндіктер елі

Қытайлық инвесторлар делегациясы Иранның мүмкіндіктер елі екенін және екі елдің компаниялары арасындағы қарым-қатынастардың кеңеюінің Ирандағы қытайлық инвесторлар санының артуына себеп болатынын мәлімдеді.

 

ИИР-ның 6-шы экспорттық мүмкіндіктері көрмесіне қатысқан қытайлық инвесторлар делегациясын басқарған Линг Ронгмин осы мамандандырылған шараға қатысу мүмкіндігіне ризалығын білдірді және былай деді: "Қытайлық компаниялар өкілдерінің Иранның мамандандырылған көрмелеріне баруы оларды ирандық компаниялардың мүмкіндіктерімен таныстырып, екі ел арасындағы экономикалық даму мен инвестицияға негіз болады".

Ол батыстық ақпарат құралдарының Теһранға қарсы теріс үгіт-насихатының кейбір қытайлықтардың Иранға бару ниетіне кері әсер еткенін айтып: "Иран халқы мен компанияларын тану қытайлық компаниялар өкілдерінің санын арттырады. Қытайдың Иранмен қарым-қатынасы Бейжіңнің Пәкістан және Ресеймен қарым-қатынасы сияқты экономикалық пайдадан асып түседі",- деп мәлімдеді.

Иранның экспорттық мүмкіндіктері көрмесінің (Iran Expo) алтыншы реті 8-12 мамырда Теһранда өтті.

Бұл көрме әлемнің 100-ден астам елінен 2 мыңнан астам трейдерлерді, инвесторларды және шетелдік кәсіпкерлерді қабылдады. Бұл әртүрлі өнеркәсіп салаларында Иранның ең ірі өнеркәсіптік брендтерімен келіссөздер жүргізуге және коммерциялық қарым-қатынас орнатуға әкелді.

Бес күнге созылатын бұл көрмеде азық-түлік, ауыл және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, кілем және қолөнер және туризм, медицина, медициналық техника, зертханалық, химиялық, косметикалық және денсаулық сақтау өнімдерін қамтитын жеті тауар тобында әртүрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы өнімдер мен жетістіктер, құрылыс индустриясы мен техникалық-инженерлік және мұнай-химия қызметтері ұсынылды.

Аумағы 50 000 метр болатын 17 көрме залында өткен Иранның экспорттық мүмкіндіктері көрмесіне 800 ирандық компания қатысты.