Maм 05, 2024 19:10 Asia/Almaty
  • Теһранның Вашингтонға қатысты ұстанымдарының дұрыс екеніне 5 дәлел

Америкалықтар соңғы онжылдықтарда сан рет ИИР-ды халықаралық механизмдерді сақтамайды деп айыптап келді. Осы уәжді Иранға қысым жасау құралы ретінде пайдаланды. Ал бұл жағдайда әлем халқы соңғы айларда америкалықтардың халықаралық ұйымдардың Палестинадағы өзгерістер туралы мәлімдемелеріне көңіл аудармағанына сан рет куә болды.

2024 жылы 1 мамырда Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иранның мұғалімдері және зиялы қауымымен кездесіп, Батыс Азия аймағындағы өзгерістерге қатысты маңызды жайттарға тоқталды.

Аятолла Хаменеи өз баяндамасының бір бөлігінде: "АҚШ-тың сионистік режимнің қылмыстарына наразы студенттерге қарым-қатынасы, әсіресе ешқандай қатыгездік пен бұзып-қирату әрекеттері жоқ бейбіт наразылықтар барысындағы қатынасы Иранның АҚШ үкіметіне деген пессимистік ұстанымының дәлелі болып саналады. Соңғы айларда басып алынған жерлерде болған өзгерістерге шолу АҚШ саясаткерлері тап болып отырған қайшылықтардың әшкере болғанын көрсетеді",-деп баса айтты.

Өткен 45 жылдың ішінде Теһран мен Вашингтон арасында келіспеушіліктердің жалғасып жатқанына куә болып отырмыз. Америкалық басшылар ұдайы Иранға түрлі айыптар тақты. ИИР де өз кезегінде біраз мәселелерді көтерді. Қазіргі таңда әлемдегі қоғамдық пікірге бұрынғыдан да  айқындала түскен жайт – соңғы онжылдықтарда Теһранның Вашингтонға қатысты ұстанымдарының дұрыс болғандығы. Талдаудың жалғасында ұстанымдардың біразына тоқталамыз:

  1. АҚШ ИИР сияқты тәуелсіз елдерге қысым жасау мақсатында екіқырлы стандарттар қолданады. Өткен онжылдықтарда Теһран әрдайым Вашингтонмен қатынаста осы мәселеге тоқталып келді. Соңғы айлар мен апталарда АҚШ-тың екіқырлы стандарттарының ашық үлгілеріне куә болып отырмыз. Бұл Иран үкіметі ұстанымдарының дұрыс екінін дәлелдейді.

АҚШ үкіметі соңғы онжылдықтарда әрдайым өзін "адам құқығын бұзушыларға қарсы әлемдік күресті бастаушы" ретінде таныстырып келді. Бірақ соңғы айларда әлем Вашингтонның сионистік режимнің басып алынған жерлердегі қылмыстарына үнсіз қалғанына және тіпті қолдау көрсеткеніне куә болды.

Ал бұл жағдайда америкалықтардың өзі сан рет түрлі есептерге сүйене отырып, сионистік режимнің Газа секторында жасаған қылмыстарын мойындады.

  1. "Халықаралық құқыққа құрмет" АҚШ басшыларының ИИР-ге қарсы қолданған уәждерінің бірі болды. Соңғы айларда Вашингтонның сионистік режимге қолдауында осы уәждің сан рет бұзылғанына куә болдық. Қазіргі таңда әлемдегі қоғамдық пікір Вашингтонның Тель-Авивтің қылмыстарын қолдауда екіқырлы қатынас қолданып отырғанын көріп отыр.  
  2. Америкалықтар кейінгі онжылдықтарда ИИР-ды халықаралық механизмдерді сақтамады деп сан рет айыптады. Осы уәжді Иранға қысым жасау құралы ретінде пайдаланды.

Ал бұл жағдайда әлем халқы соңғы айларда америкалықтардың халықаралық ұйымдардың басып алынған жерлердегі өзгерістерге қатысты мәлімдемелеріне көңіл аудармай отырғанына куә болды.

Осыған сәйкес, АҚШ-тағы кейбір шешім қабылдаушылар Халықаралық қылмыстық соттың сионистік режим басшыларына қарсы үкім шығару ықтималына реакциясында: "Осы үкім орындалған жағдайда аталмыш сотқа санкция салынады",-деп сес көрсетті. Халықаралық институтқа санкция салу – бұл күндері әлемдегі қоғамдық пікірдің сынына ұшыраған америкалықтардың екіқырлы стандарттарының тағы бір айқын көрінісі.

  1. АҚШ үкіметі адам құқығын қорғау сылтауымен әлемдегі қоғамдық пікірге ИИР-ды "адам құқығын бұзушы" деп көрсетуге тырысып жатқанына жылдар болды. Ал бұл жағдайда соңғы күндерде әлем халықтары Газада сионистік режимнің қылмыстарын айыптаған студенттердің бейбіт наразылықтарына қатыгездікпен жауап бергеніне куә болды, АҚШ үкіметінің осы салада екіқырлы стандарттар  ұстанып отырғанын одан ары түсіне түсті.

Америкалықтар студенттерді соққының астына салды. Егер басқа елдер осындай іс істесе, АҚШ оларға санкция саламыз, қарар шығарамыз, халықаралық қарсылық тудырамыз деп сес көрсетіп, "прокурор" рөлін ойнап, "қорғаушы адвокат" киімінде көрінер еді.

  1. Көңіл аударуға тұрарлық басқа бір жайт: Иран соңғы онжылдықтарда Палестинаны Батыс Азиядағы басты мәселе деп сан рет жариялап, Тель-Авивпен қарым-қатынасты қалыптандырудың бірде-бір түйінді шешпейтінін айтты. Қазіргі таңда аймақ пен әлем деңгейінде көптеген елдер ИИР ұстанымының дұрыс екенін мойындады. Бүгінде олар сионистік режимнің апартеид жасап, қылмыс істеп, бала өлтіріп, халықаралық ұйымдарды құрметтемей отырғанын көрді.

 

Тегтер