Maм 09, 2024 18:12 Asia/Almaty
  • Тіліңе ие бол

Тіл құқығы шиіт имамдарының көзқарасы бойынша

Исламның айтуынша, халықты ащы тілімен қорқытатын адам – ең нашар кісі. Қераати: "Адам аузынан жаман сөз шығармауы тиіс",-деген.

Құран тәпсіршісі Мохсен Қераати: "Имам Саджадтың (ғ.) трактатында елуден аса құқық жазылған. Солардың бірі тілге қатысты",-дейді.  

Қераатидің айтуынша, тіл құқықтарының бірі: дененің бұл мүшесімен боқтық сөз бен қарғыз айтылмауы тиіс. Құран Кәрімде былай делінген: Тіліңді әдепті сөйлеуге мәжбүрлеңіз. Имам Саджадтың (ғ.) айтуынша, "Алдымен тіліңді бақылауда ұстаңыз, қажет болған жерде ғана сөйлеңіз". Шиіттік рауаят бойынша, тіл – адам ақылының көрінісі.

Мохсен Қераати діни жетекшілердің боқтампаз дөрекі адамдармен қатынасы туралы: "Адам ешқашан боқтамауы тиіс, қарғыс айтпауы керек. Құдай қарғысты да, қарғыс айтатын және оны тыңдайтын адамдарды да жақтырмайды. Өкінішке қарай,  кейбіреулер боқтықсыз сөйлей алмайды. Біреулер боқауыз сөздерді өз болмысының бір бөлігі санайды. Боқтауды мықтылықтың белгісі деп ойлайды",-дейді.   

Имам Садық (ғ.)  Самаа деген кісіден: "Сен түйешілеріңе жаман сөз айттың. Не үшін?"-деп сұрапты. Самаа: "Маған зұлымдық жасады. Кедей түйеші болса да, маған зұлымдық жасады. Сондықтан мен оны боқтадым",-депті. Имам Садық (ғ.): "Ол саған зұлымдық жасады. Бірақ жаман сөз айтқан сенсің ғой. Егер біреу жаман сөз айтса, Құдай оның өмірін берекеден айырады. Өмірі берекесіз болады",-деген екен.  

Қераати адамның әдепсіз сөзге жаман сөзбен жауап бермеуі керегін айтып: "Шиіттердің бірінші имамы хазірет Әли (ғ.) біреудің өз досы Қамбарды боқтап жатқанын естиді. Қамбар жауап берейін дегенде хазірет Әли (ғ.): "Тоқта. Қоя сал, сөйлеме",-деген. Қамбар: "Ол мені боқтады ғой",-дегенде хазірет Әли (ғ.) оған: "Ол боқтаса да, сен боқтықпен жауап берме. Егер ызаланып, боқтағың келсе, өз-өзіңді ұста. Сонда Құдай саған риза болады, сайтан ашуланады",-деген",-деді.   

Иранда Намаз оқу штабының басшысы худжат ул-ислам Мохсен Қераати

Мохсен Қераати біреулердің әдепсіз сөздерін қайталаудан бас тарту керегін айтып: "Әдепсіз сөз естіген адам "Пәленше түгеншеге былай деді" деп  басқаларға жеткізсе, өзі де боқтап сөйлейтін адамдай болады. Біз жаман сөзді таратпауымыз керек. Өйткені микробты тасымалдау ауру тудырады",-деді.

Діни рауаят бойынша, біреудің боқтық сөзін басқаларға жеткізу күнәні тасымалдаумен бірдей болады.

Исламның айтуынша, халықты ащы тілімен қорқытатын адам – ең нашар кісі. Әйел күйеуінен қорықпауы тиіс. Күйеу әйелінен қаймықпауы керек.

Мохсен Қераати адамның әдепті сөйлеуі керегін айтып: "Адам аузын жаман сөз айту үшін ашпауы тиіс",-деді.  

Ол Құран аяттары негізінде сөйлеу әдебіне тоқталып: "Құранда сөз сөйлеудің әдебі баяндалған. Ата-анамен сөйлесу тәсілі, сөздердің жетімді болуы, жұмсақ сөйлеу, ізгі сөйлеу, ең жақсы сөйлемдерді пайдалану жайлы айтылған. Имам Саджад(ғ.) "Құдайым, менің аузымнан шыққан әрбір жаман сөзді ең жақсы сөзге айналдыр" деп тілеген. Адам жаман сөзден аулақ болуы керек",-деді.  

Тегтер