Маусым 04, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • Ирландия парламентінің мүшесі: Нетаньяху мен оның фараондық үкіметі тозақ отында өртенеді деп үміттенемін

Ирландия парламентінің мүшесі Томас Голд Израиль режимінің Газадағы қылмыстарын бейнелейтін суреттер мен бейнелерге қатты алаңдап, қатты ашуланды. Ол: «Мен Нетаньяху мен оның фараондық үкіметі және оның генералдары тозақта жанады деп үміттенемін»,- деді.

 

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Ирландия парламентінің өкілі Томас Голд осы елдің парламентіндегі жуырда сөйлеген сөзінде қатты дауыстап, ашу мен эмоциядан дірілдеп: «Газада 15 мың бала қырғынға ұшырады,  әлем тек тамашалап отыр»,- деп айтты.

Оның Нетаньяху мен Израиль режимінің саяси және әскери басшыларын қарғаған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.

 

Томас Голд: «Ол жақтан (Газадан) келетін суреттер мен бейнелерге қарасақ, Израиль үкіметі әйелдердің, ерлердің және балалардың тірідей өртеп жіберген айқайларын естиміз, ал әлем тек қарап тұр»,- деді. Дауысы ашудан дірілдеп, сөзі былай жалғастырды: «15 мың бала қырылып, 35 мың ерлер, әйелдер мен балалар...  Бұл сенетіндей емес. Геноцид орын алды, басы денесінен бөлінген балалар.  Израиль үкіметі мұны қате болды дейді. Нетаньяху тозақта жанып, балалар мен олардың жанұяларын өртеудің жазасын көреді деп үміттенемін» деді.

"Мен Нетаньяху, оның генералдары және оның фараондық үкіметі тозақта жанып, Құдай оларға лайықты жазасын беруін тілеймін. Өйткені қазір болып жатқан жай ғана нәсілшілдік емес, олардың істеп жатқандары сұмдық".

Ол израильдіктерге: "Ар-ұждандарың қайда, Исраил халқы, ар-ұждандарың қайда? Үкіметіңізге балаларға осындай нәрселер жасауға рұқсат бересіздер,  адамгершіліктерің қайда кетті?"- деген сұрақтар қойды.

Томас Голд: «Қазір Ирландия халқы "Палестинаны мойындадық, біз оларды бәріміз сияқты адам ретінде мойындадық, Израильге ұят, оларға ешқашан ұмытылмайтын істері үшін ұят" дейді», - деп қорытындылады.

8 хордад (28 мамыр) Ирландия үкіметі мәлімдеме жариялау арқылы Палестина елін ресми мойындайтынын және осы елмен толық дипломатиялық қарым-қатынас орнататынын мәлімдеді.

 

Тегтер