Маусым 09, 2024 19:52 Asia/Almaty
  • Батыс Азия жаңалықтарына шолу

Израильдің бала өлтіргіш режим ретінде таныстырылуынан бастап Иранның дамуында ауытқуы бар балалар саласындағы табысты бағдарламасына дейін

Израильдің бала өлтіргіш режим ретінде таныстырылуы, Иранның дамуында ауытқуы бар балалар саласындағы бағдарламасының табысты болуы, Ирак қарсыласу топтарының басып алынған жерлерге шабуылы – осының бәрі Батыс Азиядағы маңызды жаңалықтар қатарында.

Ирак қарсыласу топтары басып алынған жерлердің орталығына шабуыл жасады.

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, Ирактың исламдық қарсыласу тобының жауынгерлері басып алынған аумақтардағы Кайсарие электр станциясын нысанаға алды. "Сейед уш-Шохада" бригадасының өкілі шейх Казем әл-Фартоси: "Ирак қарсыласу күштерінің ұшқышсыз ұшақпен сионистік режимнің жүрегіне шабуылы Палестинаны қолдаудағы үлкен оқиға болып табылады",-деп мәлімдеді.  

Израиль "бала өлтіргіш режим" ретінде ресми түрде таныстырылды.

Сионистік режимнің 13-шы арнасының хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы ұйымдағы Тель-Авив делегациясына: "Израильді БҰҰ-ның "бала өлтіргіш режимдер" тізіміне енгізді",-деп хабарлады.

Палестина үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы 7 қазаннан осы күнге дейін сионистік режимнің шабуылында 15517 палестиналық бала шәһид болды.  

Сирияның Дамаск қаласында мұджахедтердің халықаралық конференциясы өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның Дамаск қаласында "Шәһидтер аятолла Раиси мен Амир Абдуллахианның қарсыласу майданын қолдаудағы рөлі" тақырыбында шетелдегі  мұджахедтердің халықаралық конференциясы өтті.   

Осы бір күндік конференцияға әртүрлі ислам елдерінен, соның ішінде Ираннан саяси тұлғалар, әлеуметтік қайраткерлер және парламент өкілдері қатысты.

Түркия Сыртқы істер министрі: Газа халықаралық жүйенің әлсіздігін көрсетті

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Стамбұлда өткен D8 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысы аясында: "Газа халықаралық жүйенің әлсіздігі мен тиімсіздігін көрсетті. Израильдің Газадағы зұлымдықтарына қатысты үнсіз қалмайтынымызды тағы да мәлімдейміз",-деп хабарлады.

Газа соғысындағы шәһидтер саны 36 мыңнан асты

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Сионистік режим 2023 жылы 7 қазанда Газаға қарсы соғыс бастағаннан бері 36 мыңнан аса адам қаза тауып, 83680 адам жараланды. 10 мыңнан астам палестиналық із-түссіз жоғалған",-деп хабарлады.

Әбу Абида  бірқатар сионистік тұтқынның өлтірілгенін хабарлады.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери тармағы Кассам батальондарының баспасөз өкілі Әбу Абида: "Сионистік режимнің армиясы бірнеше сионистік тұтқынды азат ету барысында басқа бірнеше тұтқынды өлтірді",-деп әшекере етті.

Иранның дамуында ауытқулары бар балаларға арналған тамақ өндірісін қолдау бағдарламасында сәттілікке қол жетізді

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрлігінің Қоғамдық тамақтануды жақсарту кеңсесінің директоры Ахмед Исмаилзада: "Дамуында ауытқуы бар балалардың өсуі мен тамақтануын қадағалау еліміздің денсаулық сақтау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Дамуында ауытқуы бар 60 мың бала имам Хомейни атындағы көмек көрсету комитеті аясында сауығып кетті",-деп хабарлады.  

Йемен күштері Қызыл теңізде 2 кемені нысанаға алды

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари: "Йемен күштері Қызыл теңізде сионистік режимнің Эйлат портына бара жатқан екі кемені теңіз заңдарын бұзғаны үшін нысанаға алды",-деп хабарлады.  

Тегтер